2020 жылдың 12 қазанында Приозерск қалалық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен орынбасарлары, хатшыларымен "Сайлау учаскесіндегі құқық бұзушылық жағдайлар және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл", сондай-ақ "Сайлау заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік және құқықтық санкциялар" тақырыбында оқыту сабағын өткізді.
Қалалық комиссияның төрағасы А.Медетбекова қатысушыларды учаскелік сайлау комиссияларының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл кезеңдерімен және сайлау учаскелерінде құқық бұзушылық жағдайлары туындаған жағдайда іс-қимыл тәртібімен таныстырды, ол сайлау комиссиясының әрбір мүшесі сайлау учаскесінде құқық бұзушылық жағдайлары туындаған жағдайда өзін қалай дұрыс ұстау керектігін білуі және қажет болған жағдайда осы білімді практикада қолдана білуі тиіс екенін атап өтті. Материалды жақсы меңгеру мақсатында білім алушыларға бірнеше практикалық тапсырмалар берілді. Оларды қарау нәтижесінде белгілі бір құқық бұзушылық жағдайы туындаған жағдайда әрекет ету механизмі жасалды.
Приозерск қаласының әкім аппаратының акт залында өткізілген оқытуға 12 адам қатысты.
Приозерск қалалық сайлау комиссиясы