Приозерск қаласының бюджетінің салық салу базасын кеңейту бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 14 қазанында қала әкімінің төрағалығымен Приозерск қаласының бюджетінің салық салу базасын кеңейту бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыс барысында салық салынатын базаны кеңейту, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және қала бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту мәселелері қаралды. Күн тәртібіне сәйкес, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық салынатын базаны кеңейту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалу қорытындылары талқыланды. Сонымен қатар, 2027 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджет кіріс бөлігінің күтілетін орындалуы және оның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша бюджет кірістерін ұлғайту, салық түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету және белгіленген іс-шаралардың уақтылы орындалуы бойынша тиісті тапсырмалар берілді. на русский

Приозерск қаласының бюджетінің салық салу базасын кеңейту бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
Дата публикации
19 октября 2026