«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

`Приозерск қаласы әкімінің аппараты' мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.10.2026 - 08.10.2026

Қабылдау 1 этап: 07.10.2026- 08.10.2026

Қабылдау 2 этап: 09.10.2026

Эссе: 10.10.2026

Сұхбат: 14.10.2026

Анықтама телефоны: 87103954274

E-R-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 441254

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің                                    жұмыс       өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

"Қарағанды облысы Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекмемесінің басшысы , E-R-1 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамыту, мемлекеттің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық жоспарларын іске асыруды, туризм қызметтерін дамытуды жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Қаланың экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеуді үйлестіреді. Индустриялық - инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асырады. Қаланың жүйе құраушы кәсіпорындары бойынша қазақстандық қамту мониторингін, өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі капиталына инвестициялар мониторингін жүргізеді. ҚР өңірлерімен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуды қамтамасыз етеді. Инфляциялық процестерді тежеу шеңберінде баға белгілеуге мониторинг және талдау жүргізеді. Төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтық қорғаныс сауда және тамақтану қызметтерінің қызметін үйлестіреді. Ауыл шаруашылығы нарықтарының қызметіне, оны қайта өңдеу өнімдері мен өнімдеріне мониторинг жүргізеді. Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялар алуға жеке және заңды тұлғалардан құжаттар қабылдауды жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік техникалық тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді, оларды есепке алуды және тіркеуді қамтамасыз етеді. Емтихандарды қабылдауды қамтамасыз етеді және тракторшы-машинист куәлігін береді. Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: агрономия, жерге орналастыру, бизнес және басқару, туризм, мал шаруашылығы

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан

төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

  • жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  • республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.»;

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
05 октября 2026