Приозерск қалалық және учаскелік сайлау комиссия мүшелерін даярлау бойынша оқыту іс-шаралары
жылдың 8 – 28 қазаны аралығында Приозерск қаласы әкім аппаратының акт залында Приозерск қалалық сайлау комиссия мүшелерін, учаскелік сайлау комиссия басшылары мен комиссия мүшелерін алдағы өткізілетін Парламент мәжілісі мен маслихат депуттары сайлауы бойынша атқарылатын қыметтері мен міндеттері біліктілігін арттыру мақсатында, даярлау бойынша оқыту іс-шаралары өткізілді. Оқу жұмыстары Приозерск қалалық сайлау комиссиясымен бекітілген кестеге сәйкес өткізілді. Жалпы қатысқан адамдар саны 35.
Оқу барысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Барлық қатысушыларға сайлау бойынша презентациялар көрсетілді, кейстер талданды және жазбаша түрде тестілеу өткізілді. Оқытуды Приозерск қалалық сайлау комиссисының төраға орынбасары және комиссия хатшысы жүргізді. Қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді және оқудағы барлық ақпарттық материалдар таратылып ұсынылды.
Приозерск қалалық сайлау комиссиясы