«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
`Приозерск қаласы әкімінің аппараты' мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.09.2026 - 18.09.2026
Қабылдау 1 этап: 17.09.2026- 18.09.2026
Қабылдау 2 этап: 21.09.2026
Эссе: 22.09.2026
Сұхбат: 25.09.2026
Анықтама телефоны: 87103954274
E-R-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327923
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Қарағанды облысы Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, E-R-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Қала аумағында жер қатынастарын, сәулет және қала құрылысын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі, мемлекеттік мұқтаждар үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындайды. Иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою бойынша жұмыстар жүргізеді. Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтайды. Жерге орналастыруды жүргізуді және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекітуді ұйымдастырады. Жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастырады. Қала балансын жасайды, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізеді. Жер учаскесін сатып алу, сату, жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасады. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылмайтын және пайдаланылатын жерлерді анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотта бөлімнің мүдделерін білдіреді. Сектордың жұмысын басқарады.
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, кәсіби білім: құқық, сәулет және құрылыс
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.