«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
`Приозерск қаласы әкімінің аппараты' мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.09.2026 - 17.09.2026
Қабылдау 1 этап: 16.09.2026- 17.09.2026
Қабылдау 2 этап: 18.09.2026
Практикалық бағалау: 19.09.2026
Анықтама телефоны: 87103954274
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
"Қарағанды облысы Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемелекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Бөлімнің құзыретіне жататын қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеуге қатысады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық жоспарын бағыттары бойынша дайындайды. Өнеркәсіп өнімінің көлемін жоспарлауды жүзеге асырады. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша жобаларды іздестіру мен ілгерілетуді қамтамасыз етеді. Қалада жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастырады. Қаланың жүйе құраушы кәсіпорындарындағы қазақстандық қамту мониторингін жүзеге асырады. Негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізеді. Мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыруға қатысады. Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда мемлекеттік және жеке құрылымдардың қызметін үйлестіреді. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Аумақта ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламаларын әзірлеуге қатысады және олардың орындалуына бақылау жүргізеді. Көрмелер, конкурстар, жәрмеңкелер өткізеді, қаланың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көшпелі саудасын ұйымдастырады. Қалада шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді. Туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Бөлшек тауар айналымы бойынша жұмыс істейді. Қала бойынша бағаның негізсіз өсуін бақылайды, апта сайын мониторинг жүргізеді. Төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғаныстың сауда және тамақтану қызметінің қызметін жүзеге асырады. Жұмыс істемейтін және тоқтап қалған кәсіпорындарды жоюмен айналысады. Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша
сотта мемлекеттік органның мүддесін білдіреді, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді, оларды әділет органдарында тіркейді, мемлекеттік сатып алуларға қатысады.
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: менеджмент, халықаралық құқық, агрономия, құқықтану, маркетинг, әлемдік экономика, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мал шаруашылығы, қызмет көрсету саласы
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.