«Приозерск қаласының Құрметті азаматы» атағын беруге өтінімдерді қабылдау

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

            «Приозерск қаласы әкімінің аппараты» ММ 2026 жылдың 28 тамызына дейін «Приозерск қаласының Құрметті азаматы» атағын беруге өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.

            Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы  № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы атағын берудің Үлгілік қағидаларына сәйкес:

  • «Құрметті азамат» атағы облыста (қалада, ауданда) кемінде 10 жыл еңбек еткен, келесі талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі:

            1) кәсіби немесе азаматтық міндетін орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін, сондай-ақ заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін;

            2) мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы нәтижелі еңбегі үшін, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін;

            3) қоғамдық қызметтегі жетістіктері мен қайырымдылық қызметі үшін;

            4) облыстағы (қаладағы, аудандағы) спорт, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау, құрылыс, кәсіпкерлік, бизнес және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін;

            5) тәуелсіз және егемен Қазақстанның тұтастығын сақтауға, этносаралық қатынастар мен келісімді, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген ерен еңбегі үшiн.

  • «Құрметті азамат» атағына ұсынылушының әрқайсысына Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша награда қағазы толтырылады.
  • «Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар жергілікті атқарушы органдарымен, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен еркін нысанда енгізіледі.
  • Награда қағазында «Құрметті азамат» атағына ұсынылатын тұлғаның жеке басы, тиісті қызмет саласындағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер баяндалады.
  • Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды және қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен расталады.
  • Өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен «Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар қаралмайды.
  • Облыс бойынша аудан немесе қаланың «Құрметті азамат» атағына ие тұлғаны қайта ұсынуға жол берілмейді.
  • «Құрметті азамат» атағын беру қайтыс болғаннан кейін еліміздің мүддесін қорғау кезінде және адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін жүзеге асырылуы мүмкін.
  • «Құрметті азамат» атағы:

            1) «Құрметті азамат» атағына ұсынылған кезде өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар тұлғаларға;

            2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғаларға берілмейді.

                                   

 

 

Қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі

Анықтама телефоны

8(71039)54274

«Приозерск қаласының Құрметті азаматы» атағын беруге өтінімдерді қабылдау
Дата публикации
07 августа 2026