

Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің
2026 жылдың 6 айына атқарған жұмыстары туралы ақпарат
2026 жылы дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны – 4248 адам, бұл 39,5%-ды құрайды. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын қала тұрғындарын қамту көрсеткіші – 36,3%.
7 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер саны – 1894, оның ішінде денсаулық жағдайына байланысты сабақтан босатылғаны – 19 бала.
«Достық» балалар-жасөспірімдер орталығында 7 секция жұмыс істейді (қатысушылар саны – 385 адам).
Қаладағы жалпы білім беретін мектептерде 10 спорттық секция жұмыс істейді (қатысушылар саны – 244 адам).
Приозерск қаласының спорт клубында 7 секция жұмыс істейді (қатысушылар саны – 250 адам).
Жыл басынан бері қалалық деңгейде 44 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараларға 3350-ден астам спортшы қатысты.
Қаланың құрама командасы республикалық және облыстық деңгейдегі 45 жарысқа қатысып, аталған жарыстарға 354 спортшы қатысты.