

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2026 жылдың 1 жартыжылдығында 106 адамнан тұратын 23 отбасына 7,1 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Жеке оқу жоспарына сәйкес мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 9 мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға 454,1 мың теңге көлемінде төлем жүргізілді.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына қайғылы жағдайларға байланысты, тамақтануға және емделуге көмек көрсетіледі. Жоғарыда аталған көмек түрлері бойынша 2026 жылдың 1 жартыжылдығында жергілікті бюджет қаражаты есебінен қиын өмірлік жағдайға тап болған 87 адамға жалпы сомасы 10 448,5 мың теңге көлемінде және мерекелік күндерде 379 адамға жалпы сомасы 10 206,5 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Приозерск қаласында 308 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде:
1-топ – 32 адам;
2-топ – 107 адам;
3-топ – 128 адам;
мүгедектігі бар балалар – 41 адам.
Жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен оңалту қызметтеріне мұқтаж мүгедектігі бар адамдардың саны 182 адамды құрады. Оның ішінде 168 адам қамтамасыз етілді, орындалу көрсеткіші 82,5%-ды құрады.
Протездік-ортопедиялық құралдарды алуға 32 адам өтініш білдірді, оның ішінде 31 адам қамтамасыз етілді, бұл 96,8%-ды құрады.
Сурдотехникалық құралдарды алуға 1 адам өтініш білдірді, 1 адам қамтамасыз етілді, бұл 100%-ды құрады.
Тифлотехникалық құралдарды алуға өтініш білдіргендер саны – 0 адам, қамтамасыз етілгендер саны – 0 адам, көрсеткіш – 0%.
Арнаулы жүріп-тұру құралдарын алуға 2 адам өтініш білдірді, 2 адам қамтамасыз етілді, бұл 100%-ды құрады.
Гигиеналық құралдарды алуға 55 адам өтініш білдірді, 55 адам қамтамасыз етілді, бұл 100%-ды құрады.
Санаторлық-курорттық емделуге 83 адам өтініш білдірді, оның ішінде 52 адам қамтамасыз етілді, бұл 62,6%-ды құрады.
Қозғалысы қиындаған бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін алуға 8 адам өтініш білдірді, олардың барлығы 8 адам қамтамасыз етілді, бұл 100%-ды құрады.
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 3 мүгедектігі бар адам Қарқаралы және Балқаш қалаларындағы оңалту орталықтарына оңалтуға жіберілді.
Инватакси қызметімен 22 адам қамтылып, оған 7,0 млн теңге жұмсалды.
«Үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшесі» КММ-де 7 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Олар бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға және қарт адамдарға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Үйде қызмет көрсетумен 45 адам қамтылған, оның ішінде 1 мүгедектігі бар адам, 5 мүгедектігі бар бала және зейнеткерлер бар.
2026 жылдың 1 жартыжылдығында еңбек иммигранттарына рұқсаттарды беру және ұзарту бойынша 93 адам өтініш білдірді.
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азамат ретінде куәлік алу үшін 1 адам өтініш білдірді.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мерекелік іс-шаралар өткізіледі.
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай 41 мүгедектігі бар балаға жалпы сомасы 1 850,0 мың теңгеге мерекелік түскі ас, концерттік бағдарлама, сыйлықтар (конструкторлар) және жеміс себеттері түрінде заттай көмек көрсетілді.
Қала демеушілері тарапынан мүгедектігі бар адамдарға материалдық және заттай көмек көрсетіледі.
Демеушілік қаражат есебінен қайырымдылық акциясы аясында 89 аз қамтылған отбасыға және мүгедектігі бар адамдарға азық-түлік себеттері түрінде заттай көмек көрсетілді.
«Жанетта М» стоматологиясы тарапынан тегін стоматологиялық қызметтер көрсетіледі.
Мүгедектігі бар адамдарға басқа азаматтармен тең дәрежеде өз құқықтарын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында Приозерск қаласында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыс екі кезеңнен тұрады: паспорттау және бейімдеу.
Барлық объектілер бойынша деректер «Қолжетімділік интерактивті картасы» порталына енгізілді.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес Приозерск қаласының аумағында 10 объектіні бейімдеу жоспарланған.
2026 жылғы маусым айындағы жағдай бойынша 2 объектіде – Приозерск қаласының полиция бөлімі мен «Легенда» дүкенінде бейімдеу жұмыстары жүргізілді, бұл жоспарланған объектілердің жалпы санының 20%-ын құрайды.
2026 жылдың басынан бері әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша мониторингтік жұмыс тобы 8 рейд жүргізді.
| Объектінің атауы | Бейімдеу кестесі |
|---|---|
| Приозерск қаласының полиция бөлімі | маусым |
| «Легенда» дүкені | шілде |
| «Альфа» дүкені | тамыз |
| «Coffe u Adiny» кафесі | қыркүйек |
| Мемлекеттік кірістер басқармасы | қазан |
| Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Приозерск қаласы бойынша бөлімі | қазан |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің «Приозерск қалалық қазынашылық басқармасы» РММ | қазан |
| «Ақбосаға» кафесі | қараша |
| «Аль-сафи» кафесі | қараша |
| «Гавайи» демалыс аймағы, қонақ үйі | қараша |
2026 жылдың 1 жартыжылдығында жоспарға сәйкес әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның 2 кезекті отырысы өткізілді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері арасында әлеуметтік шиеленістің туындау тәуекелдерін, еңбек жанжалдарының пайда болу тәуекелдерін болдырмау мақсатында әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асырып, қаладағы жағдайды жүйелі түрде бақылауда ұстайды.
Приозерск қаласының ЖӘББ бөлімінің басшысы
Р. Ахметова