
Приозерск қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің 2025 жылғы 9 айына атқарған жұмыстары туралы ақпарат
2025 жылы жылыту маусымына дайындық шеңберінде қазандықта келесі жөндеу жұмыстары жүргізілді:
Жерасты газоөткізгіштерінің ағымдағы жөндеуі – 2 006,0 мың тг (17.02.2025 ж. №43 шарт, «БизнесТехМонтаж» ЖШС);
Жылу желісінің гребенкаларын ағымдағы жөндеу – 9 128,0 мың тг (20.02.2025 ж. №52 шарт, «БизнесТехМонтаж» ЖШС);
Түтін мұржаларын техникалық тексеру – 1 235,0 мың тг (16.04.2025 ж. №84 шарт, «Sarapshy Engineering» ЖШС).
Техникалық тексеру қорытындысы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге мемлекеттік сатып алу жүргізілуде.
Қосымша төмендегі жөндеу жұмыстары жоспарланып, орындалуда:
Экономайзердің ағымдағы жөндеуі;
ПВС-500 жылу алмастырғышының ағымдағы жөндеуі;
Қазандықтың шатырын ағымдағы жөндеу;
№2,3 қазандықтардың ағымдағы жөндеуі – 30 000,0 мың тг;
Электр желілерінің ағымдағы жөндеуі – 18 805,0 мың тг;
Аккумулятор багын жөндеу – 22 400,0 мың тг.
Қазандық 7 қазан күні іске қосылды, сол уақыттан бері қалаға жылу тұрақты түрде беріліп келеді. Жүргізілген жұмыстар жылыту маусымының үздіксіз өтуіне мүмкіндік берді.
Жалпы ұзындығы 2 км (диаметрі 150–400 мм) жылу желісі ауыстырылып, оқшаулауы қалпына келтірілді (ОБ есебінен).
Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «Гиматс транс» ЖШС-мен 12.03.2025 ж. №60 шарт жасалды. Шарт 2 жылға есептелген. 2026 жылы 1,2 км жылу желісін ауыстыру жоспарланған.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үйлерге баратын 750 м құбырлар (диаметрі 50–80 мм) ауыстырылды:
Достық к-сі №7, Кисунько №15/1, Кисунько №15/1, Балқашская №7, Абай №25/2, Ағыбай батыр №2.
Жалпы сомасы – 20 000,0 мың тг. Орындаушы – «Алмаз LTD» ЖШС.
Су алу имараты №2 жөндеуден өтті, жалпы құны – 58 800,0 мың тг.
2024 жылы басталған жөндеу жұмыстары жалғасын тауып, ғимараттың ішкі әрлеуі және шатырды жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар, су алу имаратына 22 990,0 мың тг тұратын дизель генераторы орнатылды. Жеткізуші – «Завод Модульных Конструкций» ЖШС.
Жергілікті бюджет есебінен 18 400,0 мың тг бөлініп, Абай көшесі бойымен 350 метр су құбыры желісі 25 000,0 мың тг сомасына жөнделді.
Орындаушы – «Алмаз LTD» ЖШС (02.04.2025 ж. №70 шарт).
Жергілікті бюджет есебінен «Алмаз LTD» ЖШС Панфилов және Балқашская көшелерінде ұзындығы 313 метр болатын кәріз желілерінің ағымдағы жөндеуін жүргізді.
Жұмыс құны – 11 784,0 мың тг.
Қала тұрғындары мен көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 60 дана кәріз құдығының қақпақтары ауыстырылды.
Жалпы сомасы – 1 508,0 мың тг.
Биыл қалада үлкен көлемде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді:
Транспортная, Достық көшелері және Жеңіс бульвары бойына 700 түп ағаш (қарағаш, қарағай, терек) отырғызылды;
Достық халықтары достығы көшесі және Б.Момышұлы көшесінде жаңа газондар төселіп, заманауи суару жүйесі орнатылды;
Жаз мезгілінде жасыл желектерге күнделікті күтім жасалды;
2 500 ағаш әктелді, 400-ге жуық қураған ағаш кесілді;
Көктемгі және күзгі сенбіліктер ұйымдастырылып, қала аумақтары қоқыстан тазартылды.
Акцияға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер және қала тұрғындары белсенді қатысты.
Жыл сайын төмендегі жұмыстар жүргізіледі:
шұңқырларды жамау,
жол таңбаларын жаңарту,
жол белгілерін орнату және ауыстыру,
жасанды жол бөгеттерін орнату.
Халық банкі ғимараты алдында жаңа аялдама павильоны орнатылды.
2025 жылы келесі нысандарда орташа жөндеу жұмыстары басталды:
Гвардейская көшесі (ұзындығы 2,2 км) – 162 млн тг, «Standart Energy» ЖШС;
Алаш көшесі (1,1 км) – 61,0 млн тг, «ЭЛОИМ-ЛТД» ЖШС.
Жөндеу жұмыстарын 2026 жылғы мамыр айында аяқтау жоспарланған.
Космонавтар, Кисунько көшелері және Жеңіс бульвары бойында жалпы ауданы 1 650 м² тротуар плиткалары төселді.
Жұмыс құны – 33,0 млн тг.
Жыл ішінде 7 балалар алаңы жөнделді:
Жеңіс бульвары, 28
Коржынтұбек к-сі
Абай к-сі, 25/2
Абай к-сі, 3
Достық к-сі, 1
Пушкин к-сі, 5
Б.Момышұлы к-сі, 12/2
Жалпы жөндеу сомасы – 69,1 млн тг.
Сонымен қатар, балалар алаңдарын күтіп-ұстау жұмыстары басталды.
Жергілікті бюджет есебінен 9 600,0 мың тг сомасына көше жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
«КМВ ENERGY» ЖШС тарапынан Бірлік, Панфилов көшелері және Жеңіс бульвары бойына 42 дана жарықтандыру тіректері орнатылды.
Көпқабатты үйлердің жертөлелерінде және көл жағалауында дератизация және дезинсекция жұмыстары жүргізілді.
Қызмет көрсетуші – «Калкан 2009» ЖШС.
Жұмыстар 3 кезеңде орындалды, жалпы сомасы – 1 950,0 мың тг.
Бөлім басшысы
А. Қасқатаев