

2026 жылдың 6 айына «Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» ММ, атқарылған жұмыстар туралы есеп
● Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізілгеннен кейін Байтерек көшесі бойындағы кәріз жүйесінің құрылысы қайта жанданды. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны – 122,8 млн теңге. 2025 жылы құрылысқа жергілікті бюджеттен 19,0 млн теңге бөлініп, толық игерілді. 2026 жылы аталған нысанға жергілікті бюджеттен 60,8 млн теңге бөлінді. Нысанды толық аяқтау үшін қосымша 42,9 млн теңге қажет.
Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылғы қараша айы. Қазіргі уақытта жалпы жұмыс көлемінің 70%-ы орындалды.
● 2026 жылы «Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алу» бағдарламасы аясында қалаға облыстық бюджеттен 15 пәтер сатып алуға 311,6 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа жеке құрылыс салушы Б.М. Жумахановтан Транспортная көшесі, 5-үй мекенжайында орналасқан 16 пәтер сатып алынды. Үйдің абаттандырылған аумағы және жүргізілген инженерлік коммуникациялары бар.
Қосымша 144,3 млн теңге бөлінген жағдайда, аталған үйден тағы 8 пәтер сатып алуға мүмкіндік бар.
● Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Қазтехнология» ЖШС жобалау ұйымы «Приозерск қаласының жылумен, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің инженерлік желілерін салу» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын жалғастыруда. Жобаның жалпы құны – 93,3 млн теңге. Аталған шарт бойынша бөлімнің кредиторлық берешегі 16,3 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.
● 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша құрылыс жұмыстары көлемінің орындалуы 2,54 млрд теңгені құрады, бұл жоспардың 202%-ына тең (жоспар – 1,3 млрд теңге).
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 3 216 шаршы метрді құрады немесе жоспардың 238%-ы орындалды (жоспар – 1 376 шаршы метр).
Бөлім басшысы
Ж. Сәрсембеков