Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жастар ресурстық орталығының 2025 жылғы 11 айда атқарған жұмысы туралы

Жастар ресурстық орталығының 2025 жылғы 11 айда атқарған жұмысы туралы

 

        Приозерск қаласы бойынша 14-35 жас аралығындағы жастардың саны  3 159 (үш мың бір жүз елу тоғыз) адамды құрайды. Оның ішінде:

 

 Анықтама:

 Ерлер саны – 1524 (мың бес жүз жиырма төрт)

 Әйелдер саны – 1635(мың алты жүз отыз бес)         

 

 

 Жастар ресурстық орталығын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 71 млн. 637 мың теңге  қаржы бөлінді. Оның ішінде:

 

  Анықтама:

-   мемлекеттік әлеуметтік сатып алу – 33 млн. (отыз үш миллион теңге); 

-  іс-шараларға бөлінген қаражат – 17 млн. (он жеті миллион теңге);

-  негізгі құралдарды сатып алуға және орталықтың басқа шығындарына  21 млн. 637 мың (жиырма бір миллион алты жүз отыз жеті теңге) қаражат бөлінді.

 

Жастар ресурстық орталығы материалдық базамен толық қамтамасыз етілген. Штат бойынша (10 бірлік), штат толықтай қамтылған. Жастар ресурстық орталығында «Coworking Zone» «Караоке» «Кинотеатр» «Конференция залы» «Настольный теннис» сияқты барлық қажетті заттармен  жабдықталған. 2025 жылдың ақпан айынан бастап, өз жұмысымызды жаңа ғимаратта жалғастырып келеміз. Жаңа ғимаратқа көшу — мекеме қызметін жақсарту, азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және заманауи талаптарға сай инфрақұрылымды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

  

       Қалада "Жастар Рухы" жастар қанатының филиалы жұмыс істейді, құрамына 160 (жүз алпыс) жас тіркелген. «Жас зеңбірекші» «Сағадат» және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары бар. Сонымен қатар, «Жас сақшы» клубы құрылды.

 

 

      Жастарды жұмыспен қамту бойынша, жыл басынан бері 165 адам өтінім берді. Оның ішінде 101 адам жұмысқа орналасты:

        - Тұрақты жұмыспен қамтылғандар – 67 адам;

- Жастар практикасы – 12 адам;

- Қоғамдық жұмысқа – 13 адам;

- Алғашқы жұмыс орнына – 2 адам;

- Әлеуметтік жұмыс орнына – 7 адам;

- Ұрпақтар келісімшартына – 0 адам.

 Ал, "Жасыл ел" еңбек жасағында 100 адам жұмыспен қамтылды.

 

Жол картасының жоспарына сәйкес:

    Приозерск қаласында «Жасыл ел» еңбек жасағы аясында биыл жаз мезгілінде 100 жас жұмысқа орналастырылды.  15 мамырдан бастап 100 адам қабылданып, 18 млн теңге (он сегіз миллион теңге) бөлінді.   

    “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық жобасы шеңберінде “Таза көл – таза жағалау” атты кең ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды. Акция аясында қала аумағында жалпықалалық сенбілік жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Жол картасының жоспар аясында:

     Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2025 жылы 2 пәтер бөлінді. Бұл бастама олардың толыққанды өмір сүруіне, білім алып, қоғамға бейімделуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. От басы банкі арқылы тағы 2 балаға пәтер беру жоспарда бар.

 

Жол картасының жоспарына сәйкес:

     2025 жылдың 13 маусымында Жастар ресурстық орталығының конферец залында жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдауға бағытталған – «Приозерск қаласы әкімінің гранты» конкурсы өтті. Аталған байқау жергілікті жастардың іскерлік бастамаларын қолдап, инновациялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды. Конкурс аясында жалпы сомасы 12 000 000 (он екі миллион) теңге көлемінде грант бөлінді.

      Байқауға 35 жасқа дейінгі 35 жас кәсіпкер өтінім беріп, олардың ішінен 26 бизнес-жоба конкурс барысында сарапқа салынды. Әрбір қатысушының жобасы өзектілігі, әлеуметтік маңыздылығы, экономикалық тиімділігі мен жүзеге асыру әлеуеті тұрғысынан қаралды.

 2025 жылғы 13 маусымда өткен қалалық конкурстық комиссия отырысының шешімі бойынша төмендегі 6 жоба жеңімпаз болып танылды:

 

№

Т.А.Ж

Жоба атауы

Соммасы

1

Резаев Сергей Александрович

Электрондық техникаларды жөндеу

1 000 000

2

Жубатханова Амангул Нурлибековна

«Медина» егу кабинетін ашу

1 000 000

3

Оралхан Сәкен Жәкенұлы

«Ainalaiyn» оқыту-дамыту орталығын кеңейту

1 000 000

4

Нұреке Нұрбол Қанатұлы

Жекпе-жек өнері және дене шынықтыру мектебі

2 500 000

5

Жаманбаев Ерлан Бакбергенович

«QORZHYN мейрамханасы»

3 000 000

6

Жұмахан Шұғыла Талғатбекқызы

Балаларға арналған ойын-сауық алаңының қызметін ұйымдастыру

2 500 000

 

Үнемделген 1 000 000 тг бюджетке қайтарылды. Айта кетерлік маңызды жайт — 2022–2023 жылдары белгіленген мерзімде толық жүзеге аспаған жобалар бойынша игерілмеген грант қаражаттары жергілікті бюджетке қайтарылды. Оның ішінде Приозерск қаласының прокуратурасының ұсынымы негізінде 4 500 000 теңге, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының ішкі тексерісінің нәтижесінде                 1 250 000 теңге көлеміндегі қаражат бюджетке кері қайтарылды.                

       Қалада NEET санатына 75 адам тіркелген, бұл жастардың жалпы санының 2,65% құрайды. Әр ай сайын осы санаттағы жастармен жеке атаулы жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ оларды қайта оқыту, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

  

Жол картасының жоспарына сәйкес:

   2025 жылдың 28 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының мәдинет және ақпарат министрлігінің волонтерлік қызметті есепке алу тізілімінде "ASAR" волонтерлік корпусы ретінде тіркелді. "ASAR" жастар еріктілер корпусында 40 жасөспірім тіркелген. Олар экологиялық және қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады және 30 ға жуық акция өткізді. Олар "Қар вахтасы", "Ардағым - Ардагерім", "Бауырсақ пати"  ,"Шын жүректен", «Жасыл аймақ», «Таза Қазақстан» т.б.  көптеген акциялар өткізді.

 

       Кәмелетке толмағандар арасында құқық  бұзушылықтың алдын алу және нашақорлықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша іс-шаралар, түсіндірме жұмыстары кездесулер өткізілуде. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайту мақсатында арнайы шақыртылған Астана қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы (Нұрлан имам) 250 - ден астам адамды қамтитын кездесу мен тікелей эфир өткізді.

                                                                               

       Орталықтың барлық іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланады. Жастар орталығының әлеуметтік желілерде үш парағы бар. Жылдың басынан бастап орталықтың әлеуметтік желілерінде 300-ден астам материалдар желіге салынып отырады. Жазылушылардың жалпы саны 10 000 -нан асады.

 

      Жастар – еліміздің болашағы, мемлекеттің ертеңі – қазіргі жастардың қолында. Сондықтан біз жастардың білім алуына, кәсіби тұрғыдан дамуына, ел өміріне белсенді араласуына жан-жақты қолдау көрсетуіміз қажет.

Жоспар аясында келесі бағыттар бойынша түрлі іс-шаралар өткізу көзделуде. Жастарға патриоттық тәрбие беру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастардың бос уақытын тиімді өткізу мен демалысын әртүрлі форматта ұйымдастыру, шығармашыл, дарынды және талантты жастарды қолдау мен ынталандыру, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында алдын алу шараларын жүзеге асыру, қайырымдылық және еріктілік бастамаларды дамыту.

Сонымен қатар, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, олардың әлеуметтік жобаларға қатысуын қамтамасыз ету, өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту бағытында да жұмыстар жүргізілетін болады.

 

2025 жылдың қаңтар–қараша айлары аралығында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 150-ге жуық түрлі бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды.

Қаңтар айында «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында жоғарғы сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Сонымен бірге ақпан айында, Ауғанстан күнін еске алу мақсатында ауған соғысының ардагері Калиев Мадимен жүздесу ұйымдастырылып, «Батырларға тағзым», «Ауғанстан – мәңгі есте» атты дөңгелек үстелдер өтті.

Жастардың патриоттық рухын арттыру және әскери-патриоттық қозғалысты дамыту бағытында «Жас зеңбірекші» және «Сағадат» әскери-патриоттық клубтарының мүшелерімен кездесулер өткізіліп, Қарулы Күштердің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау мәселелері талқыланды.

14–23 наурыз аралығында Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған челлендждер ұйымдастырылды. Оған «Көрісу күні», «Қайырымдылық күні», «Шаңырақ күні», «Ұлттық киім күні», «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» секілді іс-шаралар кірді.

Сәуір айында қаламызға арнайы шақырылған Жұмат Бауыржан Киікбайұлы (Ұлттық волонтерлік фронт-офисінің аймақтармен кері байланыс жөніндегі координаторы) ерікті жастарға арналған тағылымды семинар-тренинг өткізді.

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты волейбол және самбодан ашық турнирлер, патриоттық бағыттағы жарыстар және «Жігіт сұлтаны» сайысы өтті.

Жастардың бос уақытын тиімді өткізу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Салауатты жас – Тәуелсіздік тірегі» жобасы іске асырылды.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.
4 шілдеде, Астана күні аясында ашық аспан астында кино көрсетілімі өтті.
15 шілдеден бастап «JASTAR ONLINE MEKTEBI» аясында мобилография негіздеріне арналған авторлық курс өз жұмысын бастады.
27 шілдеде Приозерск қаласы күніне орай спорттық жарыстар мен мерекелік концерт өтті.
30 тамызда, Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына орай «Ата Заң – айбыным» атты салтанатты концерт ұйымдастырылды.

6 қыркүйекте «Жасыл ел» еңбек жасағының XII еңбек маусымы ресми түрде жабылып, «Приозерск – нашақорлықсыз қала» акциясы аясындағы белсенді қатысушылар марапатталды.

1 қазан Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік бағдарламада вокалдық және би өнері, әсем әндер мен қызықты викториналар ұйымдастырылды.

3 қазан Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік концерт өтті. Концерттік бағдарламада мектеп оқушылары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, кештің хедлайнері – жас эстрада жұлдызы Мәди Ахметқожа әсем әндер орындады.

10 қазан Республика күніне орай жаңа балалар ойын алаңының салтанатты ашылуы өтті. Іс – шара барысында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар марапатталды.

17 қазан күні жастардың шығармашылық белсенділігін арттыру және позитивті көңіл-күй қалыптастыру мақсатында жайдарман ойындары өтті. Шараға қала тұрғындары мен жастар айрықша қызығушылық танытып, көпшілік белсенді қатысты. Кеш көңілді әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жастар мен тұрғындардың басын қосқан маңызды мәдени іс-шаралардың біріне айналды.

24 қазан Республика күніне арналған екі мектептің 9 сынып оқушылары арасында таным көкжиегін кеңейтіп, логикалық және сыни ойлауды дамытуға бағытталған «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды сайысы өтті.

24 қазан Республика күні салтанатты түрде атап өтілді. Іс -шара ҚР Мемлекеттік Туының енгізіліп, Әнұранның орындалуынан басталып, ел рухын асқақтатқан әсерлі көрініспен басталды.

17 қараша күні Приозерск қаласының прокуратурасының аға прокуроры Амангельдиев Дастан Маратович, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Абдихалыков Азат Абдыәліұлы арнайы шақыртылып, «Біз буллингке қарсымыз» атты семинар тренинг өтті. Екі мектеп оқушылары үшін пайдалы ақпаратқа толы, мазмұны бай бұл семинар жастардың тұлғалық дамуына оң ықпалын тигізді.

 

 

📌 Қорытынды:
2025 жылдың 11 айында жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, жастардың мәдени өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін іс-шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

 

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Жастар ресурстық орталығының 2025 жылғы 5 айда атқарған жұмысы туралы ақпарат
Медиагалерея
0
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!
2
Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдарлау бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 17 мамыр күні №1 және №2 жалпы білім береу мектебінің 11-9 сынып оқушыларымен кездесу өтті.
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Фейсбук
Инстаграм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы