«Осакаров ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің Ережесіне өзгерістер енгізу туралы»
Осакаров ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына
«Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер енгізу туралы» Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес әзірленді.
Осы жобаның мақсаты заңды тұлғаны қайта тіркеуге әкеп соқпайтын ведомстволық бағынысты ұйымды (Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" КММ) қосу бөлігінде бөлімнің Ережесіне өзгерістер енгізу болып табылады. Осы қаулыны қабылдау қаржылық шығындарды көздемейді.
Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылуға жатпайды.
Әкімдік қаулысының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.