«Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Осакаров ауданы әкімінің шешіміне БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Осакаров ауданы әкімінің шешімі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.

Бұл жобаның мақсаты – төтенше жағдайға жедел әрекет ету, халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау, залалды азайту және оның салдарын жою бойынша шараларды ұйымдастыру.

Осакаров ауданы әкімінің шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылуға жатады.

Осакаров ауданы әкімінің шешімінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

Дата публикации
12 марта 2026