«ТехАгроСтрой-ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Осы Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 67, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасында Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің аумағында орналасқан «Коктас» учаскесіндегі жалпы алаңы 1 512,0 гектар жер учаскелеріне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін «ТехАгроСтрой-ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 6 жыл мерзімге жер учаскелерін алып қоймай жария сервитут белгілеу көзделеді.

Бұл ретте серіктестік жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндеттенеді. Залалдың мөлшері мен оны өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалатын болады.

Осы қаулыны қабылдау бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастыруға жатпайды.

Осакаров ауданы әкімдігі қаулысы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
04 марта 2026