Осакаров ауданы әкімдігінің қаулы жобасы «Іскер-ЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Іскер-ЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2028 жылдың 29 шілдеге дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Осакаров ауданының Нияз ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 217,0 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
  2. «Іскер-ЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет. Залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
  3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілуін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Осакаров ауданының әкімі                                               Р. Нурмуханбетов

 

Осакаров ауданы әкімдігінің 2026 жылғы   «......... » ....................

№.......................

қаулысына қосымша    

 

Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2025 жылғы 29 шілдедегі № 404-GINL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі

 

№№

Кадастрлық нөмір

 Участкенің орналасқан жері

Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га

1.

09-137-043-014

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Нияз ауылдық округі, «Мечта-2019» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

61,6

2.

 

09-137-043-084

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Нияз ауылдық округі, «Тельманское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

18,9

3.

 

09-137-043-085

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Нияз ауылдық округі, «АгроЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50,7

4.

 

09-137-043-081

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Нияз ауылдық округі, «АгроЖол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

69,0

5.

09-137-043-005

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Нияз ауылдық округі, «Алтын Астық  KZ 2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

16,8

 

БАРЛЫҒЫ

 

217,0

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 марта 2026