«Іскер-ЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Осы Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 67, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Қаулы жобасында Осакаров ауданы Нияз ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 217,0 гектар жер учаскелеріне «Іскер-ЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер қойнауын геологиялық зерделеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелерін алып қоймай 2028 жылғы 29 шілдеге дейінгі мерзімге жария сервитут белгілеу көзделеді.

Бұл ретте серіктестік жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалды толық көлемде өтеуге міндеттенеді. Залалдың мөлшері мен оны өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалатын болады.

Осы қаулыны қабылдау бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастыруға жатпайды.

Осакаров ауданы әкімдігі қаулысы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
03 марта 2026