Осакаров ауданының АРК төрағасымен сұхбат

Болашаққа қадам — жауапты дауыс беру арқылы

             Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда «2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген мәселе бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

           Алдағы референдум – мемлекеттің дамуы жолындағы маңызды кезең. Ол саяси жүйені жетілдіруге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге бағытталған.

          Референдум азаматтардың ерікті қатысуы, еркін ерік білдіруі, сондай-ақ жалпыға бірдей, тең, төте және құпия дауыс беру қағидаттары негізінде өткізіледі.

         Дана Қалиоллаевна, Осакаров ауданында референдумға дайындық қалай жүргізілуде?

       – Дайындық жұмыстары қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес жүргізілуде. Ауданда 41 референдум учаскесінде 217 комиссия мүшесі жұмысқа кірісті. Барлық учаскелер қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, дауыс беруді өткізуге толық дайын. Материалдық-техникалық база белгіленген талаптарға сай, комиссия мүшелері мен сайлаушылардың жайлы әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.

          Комиссиялардың жұмысы күнтізбелік жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Сайлаушылар тізімдері жергілікті атқарушы органдардан алынып, олармен таныстыру жұмыстары жүргізілуде. Әрбір азамат өз деректерін тексере алады.

         Біздің басты міндетіміз — дауыс беру рәсімінің заңдылығын, ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету.

       – Дауыс берудің ашықтығы мен әділдігі қалай қамтамасыз етіледі?

       – Дауыс беру күні учаскелерде байқаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады. Барлық рәсімдер заң талаптарына сәйкес өткізіледі.

       Әрбір дауыс есепке алынады, ал қорытындылар ашық әрі жария түрде шығарылады. Азаматтардың сенімі — біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші.

       Құрметті Осакаров ауданының тұрғындары! Конституция — мемлекетіміздің берік негізі және әрбір адамның құқықтарының кепілі.

       Референдумға қатысу — ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Баршаңызды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамын.

       Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!

 

Осакаров ауданының АРК төрағасымен сұхбат
Дата публикации
24 февраля 2026