Осакаров ауданы әкімдігінің «Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы №05/01 «Осакаров ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасы Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңының және 2004 жылғы 9 шілдедегі «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» Заңының күші жойылуына байланысты, аталған заңдардың орнына 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 245-VIII ҚРЗ «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (2026 жылғы 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі) күшіне енуіне орай, аудан әкімдігінің аталған қаулысын қабылдауға негіз болған заңдардың күші жойылуына байланысты әзірленді. Осыған сәйкес, көрсетілген қаулының күші жойылуға жатады.
Аталған жобаның мақсаты – әкімдік қаулысы қабылданған заңдардың күші жойылуына байланысты Осакаров ауданының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Аталған қаулыны қабылдау қаржылық шығындарды көздемейді.
Осакаров ауданы әкімдігінің қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастыруға жатпайды.
Осакаров ауданы әкімдігінің қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.