«Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына сәйкес:

1. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілсін.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу және оның сақталуын бақылау үшін жауапты тұлғалар тағайындалсын:

Осакаров ауданы әкімі аппаратының басшысы – стандартты іске асыруды ұйымдастыру және оның сақталуын бақылау үшін;

Әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары – қарасты бөлімдерде стандарт талаптарының орындалуы үшін;

Аудан әкімінің аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Кенесбай Еркежан – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу жөніндегі қызметті үйлестіру, қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және оларды қол қойдыру арқылы таныстыруды қамтамасыз ету үшін.

3. Осакаров ауданы әкімінің 2017 жылғы 21 шілдедегі № 95-р «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы» өкімі күші жойылды деп танылсын.

4. Осакаров ауданы әкімінің аппаратының ресми интернет-ресурсында осы өкім және бекітілген стандарт орналастырылсын.

  1. Осы өкімнің орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                                     Р. Нурмуханбетов

 

 

 

Орын.А.Павлова

Тел. 41298

 

Дата публикации
06 февраля 2026