Шідерті ауылдық округі әкімінің шешімінің жобасы «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы» қаулысының жобасы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Осы шешімді қабылдаудың мақсаты қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2030 жылдың 03 қыркүйегіне дейінгі мерізмге Осакаров ауданының Шідерті ауылының аумағында орналасқан жалпы ауданы 1105,5248 гектар жер учаскелерін шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығын беру болып табылады.
Жария сервитут белгілеу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады және мыналарды көздейді:
Осы шешімді қабылдау мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде:
Осы шешімді қабылдау жергілікті бюджет қаражатынан қаржылық шығындарды көздемейді.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуға жатпайды.
Шідерті ауылдық округі әкімінің шешімін қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.