Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабына, 113-1 бабының 3 тармағына сәйкес, Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 1 қаулысымен Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қарағайлы ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2026 жылдың 1 наурызға тағайындалғанын хабарлайды.
Қарағайлы ауылдық округі әкімі болуға кандидаттарды ұсыну 2026 жылдың 22 қаңтарынан басталып, 2026 жылдың 3 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Қарағайлы ауылдық округі әкімі болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2026 жылдың 8 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылдың 8 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 28 ақпанында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Осакаровка ауданы, Осакаровка кенті, Школьная көшесі, 111. Байланыс телефоны: 8 (72149) 42076.
Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясы