ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы №86/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы 86/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6501-09 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабы,  Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                 Р. Нурмуханбетов

 

 

 

 

 

Орынд:А. Тулеуова

41374

 

Дата публикации
16 января 2026