«Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы 86/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің қаулысының жобасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 19-бабы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес әзірленді.
Осы жобаның мақсаты Инватакси қызметін алушылардың санатын өзгеруге әкеп соқпайтын қаулының кіріспесіне өзгерісті енгізу болып табылады.
Осы қаулыны қабылдау қаржылық шығындарды көздемейді.
Осакаров ауданы әкімдігінің қаулы жобасы 2026 жылғы 15 қаңтарда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15741706
Әкімдік қаулысының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.