«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабының 7-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес әзірленді.
Бұл жобаның мақсаты заңды өзгерістер енгізуге байланысты "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Осакаровка кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін регламенттеу болып табылады.
Ереже мекеме жұмысының негізгі бағыттарын анықтайды.
Осы Ережені өзгерту кент әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы басқарманың тиімділігін, сондай-ақ жергілікті маңызы бар кейбір мәселелерді арттырады деп күтілуде.
Осы қаулыны қабылдау қаржылық шығындарды көздемейді.
Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында орналастырылуға жатпайды.
Әкімдік қаулысының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.