«Осакаров ауданы Шідерті ауылдық округі әкімінің «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы» шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

Шідерті ауылдық округінің әкімінің «Қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабына, 69, 71-1-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37-баптарына сәйкес әзірленді.

Шешім жобасын әзірлеудің мақсаты – Қарағанды облысы Осакаров ауданы Шідерті ауылы жерлерінен жалпы ауданы 425,8439 гектар болатын жер учаскелерінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2031 жылғы 17 ақпанға дейінгі мерзімге жария сервитут белгілеу болып табылады.

Жария сервитутты белгілеу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады және мыналарды көздейді:

  • геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жер учаскелеріне қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету;
  • жер пайдаланушылардың құқықтарын олардың мүдделерін ескере отырып қорғау және ықтимал залалды барынша азайту.

Аталған шешімді қабылдау нәтижесінде келесі нәтижелерге қол жеткізу күтіледі:

  • қатты пайдалы қазбалардың болуы мен сипаттамалары туралы нақты геологиялық ақпарат алу;
  • өңірдің тау-кен өндіру секторына инвестициялар тарту;
  • қосымша жұмыс орындарын құру және инфрақұрылымды дамыту.

Осы шешімді қабылдау жергілікті бюджет қаражатынан қаржылық шығындарды талап етпейді.

Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуға жатпайды.

Шешім жобасы 2025 жылғы 12 қаңтарда Осакаров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылды.

Әкімнің шешімін қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

 

 

 

 

Дата публикации
12 января 2026