ШІДІРТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ
«Copper Union Group»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын
жүргізу үшін жер учаскелеріне
қоғамдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабына, 71-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Осакаров ауданының Шідерті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу мақсатында Осакаров ауданының Шідерті аумағында орналасқан жалпы ауданы 425,8439 гектар жер учаскелеріне 2031 жылғы 17 ақпанға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, қоғамдық сервитут белгіленсін.
- «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалды толық көлемде өтейді. Залалдың мөлшері және өтемақы төлеу тәртібі тараптардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.
- Осы шешімнің орындалуын толық бақылауды өзімде қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Шідерті ауылдық округінің әкімі А. Алдаркина
Орын.: И. Иксанова
Тел.: 30116