26 желтоқсан 2025 жыл
2026 жылы 16 ақпандағы сағат 11.00-де, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, мекен-жайы бойынша орналасқан Осакаров ауданы әкімі аппаратының ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау 2026 жылдың 26 қантардан бастап 2026 жылдың 13 ақпан сағат 17.00-ге дейін, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Хайрулла Байғабылов көшесі 48 (1 қабат, 1 бөлме) мекен-жайында орналасқан, «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамын құрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтарына ақпарат мерзімінен кешіктірілмей жіберіледі.
Келесі жер учаскелері төменде көрсетілген кестеге сәйкес конкурсқа шығарылады:
|
№ ЛОТ |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы, бонитет балы) |
Ауданы, |
ЛОТ |
Жалдау мерзімі, жыл |
Жер учаскесінің орналасқан жері, учаскенің кадастырлық нөмірі) |
Су қамтамасыз ету |
Ауданның шаруашылық мамандандыруы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
жайылым 152,0488 га, жолдар 0,28 га |
152,3288 |
1 |
10 |
Есіл а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
2 |
жайылым 19,0 га, жылғылар 0,1884 га. |
19,1884 |
2 |
10 |
Щідерті а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
3 |
жайылым 11,9431 га. |
11,9431 |
3 |
10 |
Шідерті а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
4 |
Егістік 18,07 га, жолдар 0,0076 га |
18,0776 |
4 |
10 |
Шідерті а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
5 |
жайылым 18,682 га, жайылым ТЖ 18,682 га, жолдар 0,4463 га, |
19,1283 |
5 |
10 |
Мирный а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
6 |
жайылым 40,97 га, жайылым ТЖ 16,0 га, жолдар 1,6027 га, жылғалар 0,0361 га |
42,6088 |
6 |
10 |
Мирный а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
7 |
Егістік 38,09 га, |
38,0866 |
7 |
10 |
Мирный а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
|
8 |
жайылым 79,0 га, жолдар 0,6342 га, |
79,6342 |
8 |
10 |
Құндызды а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
9 |
Егістік 10,0 га |
10,0 |
9 |
10 |
Құндызды а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
10 |
Бақша 37,0 га, жолдар 0,1277 га, жылғалар 0,1 га |
37,2277 |
10 |
10 |
Құндызды а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
11 |
жайылым 16,3 га, жайылым ТЖ 11,0 га, жолдар 0,891 га |
17,191 |
11 |
10 |
Ертіс а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
12 |
жайылым 214,174 га, жолдар 1,7171 га |
215,8911 |
12 |
10 |
Ақбұлақ а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
13 |
жайылым 17,2 га, жылғалар 2,4574 га, |
18,0776 |
13 |
10 |
Қарағайлы а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
14 |
жайылым 72,0 га, жайылым ТЖ 7,0 га, жылғалар 2,4574 га |
74,4574 |
14 |
10 |
Қарағайлы а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
|
15 |
Егістік 16,0 га, суармалы егістік 16,0 га, жайылым 3,0 га, жолдар 0,2 га, жылғалар 0,053 га |
19,253 |
15 |
10 |
Родников а/о |
Қамтамасыз етілмеген |
Өсімдік шаруашылығы |
Конкурстық ұсыныста болуы тиіс:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қаңтарда № 19893 болып тіркелді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалғаалу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және "жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады. Қосымша ақпаратты, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Х.Байғабылов көшесі 48 (1 қабат, 1 кабинет) мекен жайында орналасқан, «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ ала аласыздар. Байланыс телефондары: 8 (72149) 24034, электрондық мекенжайы: Osak_ozo@krg.gov.kz