Жансары ауылдық округі әкімдігінің «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы» шешім жобасы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Осы шешімді қабылдаудың мақсаты қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын (жария сервитут) беру болып табылады.
Жария сервитут белгілеу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады және мыналарды көздейді:
Осы шешімді қабылдау мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде:
Осы шешімді қабылдау қаржылық шығындарды көздемейді.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуға жатпайды.
Қаулы жобасы 2025 жылғы 24 желтоқсанда Осакаров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылды.
Шешімді қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.