«Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы ШЕШІМ ЖОБАСЫ

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Жансары ауылдық округінің әкімі:

 ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Осы шешімге қосымшасына сәйкес «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2030 жылдың 12 қыркүйекке дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Осакаров ауданының Жансары ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 89 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
  2. «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет. Залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
  3. «Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімінің аппарты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілуін;

2) осы шешімінен туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қантамасыз етсін.

  1. Осы шешімнең орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Жансары ауылдық округінің әкімі                                А.Ибрагимова

 

Дата публикации
24 декабря 2025