ОСАКАРОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ «Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 маусымдағы №55/03 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директоры Е.Файзулаевтың хатын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 маусымдағы №55/03 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

«1. Қарағанды облысының Осакаров ауданында орналасқан Қ.И.Сәтпаев атындағы каналынан Астана қаласына су құбырын тарту үшін жер учаскесін орналастыру және пайдалану схемасына және осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шекара шегінде пайдалану үшін Астана қаласы әкімдігінің «Elorda Aqua» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны үшін 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге, болжамды ауданы 1 153,01 гектар болатын жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.».

          

 

Аудан әкімі                                        Р. Нурмуханбетов

 

Орынд.: А. Жанарстанов

Тел.: 24034

Дата публикации
12 декабря 2025