ОСАКАРОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 68/05 «CUPRUM MINING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгерту енгізу туралы

«CUPRUM MINING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Дәуренқұлов Бақыт Бекетбайұлының өтінішін қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде аудан әкімдігі         ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 68/05 «CUPRUM MINING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» келесідей өзгерістер енгізілсін:

         аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімінің

міндетін атқарушы                                                            Е. Темиров

 

 

 

 

 

 

Орынд.:А. Жанарстанов

Тел.:24034

Дата публикации
09 декабря 2025