Қарағанды облысы Осакаров ауданы
аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабына, 113-1 бабының 3 тармағына сәйкес, Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 6 тамыздағы № 51 қаулысымен Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кенті және Батпақты ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2025 жылдың 14 қыркүйекке тағайындалғанын хабарлайды.
Молодежный кенті және Батпақты ауылдық округі әкімі болуға кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 7 тамызынан басталып, 2025 жылдың 19 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Молодежный кенті және Батпақты ауылдық округі әкімі болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 24 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 24 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 13 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Осакаровка ауданы, Осакаровка кенті, Школьная көшесі, 111. Байланыс телефоны: 8 (72149) 42076.
Қарағанды облысы Осакаров ауданы
аумақтық сайлау комиссиясы