Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелеріне жария талқылау

Құрметті тұрғындар! Ағымдағы жылдың 10 шілде сағат 11:00-де Осакаров ауданы әкімінің аппаратында аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелеріне жария талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы өтеді.

 

Анықтама:

«Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Осакаров ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, «Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Осакаров ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Осакаров ауданының құрылыс бөлімі» ММ, «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Осакаров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Осакаров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

 

Аталмыш мемлекеттік мекемелерге қатысты сұрақтар мен ұсыныстар болған жағдайда 8-721-49-41298 жұмыс нөміріне немесе 8-708-844-51-45 ұялы телефон нөміріне (WhatsApp мессенджері) хабарласыңыздар, сондай-ақ osak_gpo@mail.ru  электрондық поштаға жібере аласыздар

 

 

Кенесбай Еркежан

Осакаров ауданы әкімі аппаратының

құқықтық қамтамасыз ету

бөлімнің бас маманы

Дата публикации
09 июля 2025