«Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен
қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды
жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы»
Осакаров ауданының әкімдігінің
қаулының жобаСЫ баспасөз релиз
Осакаров ауданы әкімдігінің «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы» қаулысының жобасы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Осы қаулыны қабылдаудың мақсаты қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2028 жылғы 06 желтоқсанға дейінгі мерзімге Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 863,078 гектар жер учаскелерін шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығын беру болып табылады.
Жария сервитут белгілеу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырылады және мыналарды көздейді:
Осы қаулыны қабылдау мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп күтілуде:
Осы қаулыны қабылдау жергілікті бюджет қаражатынан қаржылық шығындарды көздемейді.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуға жатпайды.
Қаулы жобасы 2025 жылғы 20 мамырда Осакаров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылды.
Әкімдіктің қаулысын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.