Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын операциялық бағалау нәтижелері бойынша
ҚОРЫТЫНДЫ
Қарағанды облысының әкімдігі
|
2024 жыл |
|
р/с № |
Операциялық бағалау критерийлері |
Балл |
Ең жоғарғы балл |
|
1 |
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттануы |
35,78 |
40 |
|
1.1 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі |
16 |
20 |
|
1.2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану |
19,78 |
20 |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету |
56,27 |
60 |
|
2.1 |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін сақтау |
10,53 |
14 |
|
2.2 |
Мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту |
17,82 |
18 |
|
2.3 |
Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету |
13,92 |
14 |
|
2.4 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету |
14 |
14 |
|
Критерийлер бойынша жалпы бағалау |
92,05 |
100 |
|
|
Айыппұл баллдарын шегеру |
0 |
0 |
|
|
Айыппұл баллдарын шегеру есебімен алғандағы қорытынды балл |
92,05 |
100 |
|
«Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы» блогының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы» бағыты бойынша Қарағанды облысының әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) қызметінің тиімділігін операциялық бағалау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі №66, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің (бұдан әрі – ЦДИАӨМ) 2021 жылғы 19 сәуірдегі №138/НҚ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі №4 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №133 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес әзірленген.
Әдістеме Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 сәуірде № 22599 болып тіркелген.
Әкімдіктің мемлекеттік бақылау шеңберінде ұсынылған ақпаратына, сондай-ақ ЦДИАӨМ-нің мәліметтеріне сәйкес бағаланатын кезеңде барлығы 16 999 060 қызмет көрсетілген.
Бағалау критерийлері бойынша қызмет тиімділігін талдау:
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі» көрсеткіші бойынша:
2024 жылы Агенттіктің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілді. Социологиялық зерттеу барысында 70 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша 12 мыңнан астам респонденттен сауалнама алынды.
Қоғамдық мониторинг қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өзекті мәселелерді анықтау мақсатында жүргізілді.
Әлеуметтік зерттеу Әкімдік көрсететін мемлекеттік қызметтердің 15 түрі бойынша жүргізілді.
Жалпы алғанда, әлеуметтік сауалнама нәтижелері қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы деңгейінің жоғары, яғни 4,79 балл екендігін көрсетті, толығымен қанағаттанған респонденттердің үлесі – 83,5%.
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі» көрсеткіші бойынша бағалау нәтижесі – 16 балл (20 ықтимал баллдың ішінен).
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану» көрсеткіші бойынша:
Мемлекеттік бақылау шеңберінде Агенттікке ұсынылған есепті деректерге сәйкес бағаланатын кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты 19 негізделген шағым (Мантыкова Р.Б., Бимендина А.Э., Кожахметова И.Р., Жакупова Г.А., Жакупова С.Е., Жакупова Ж.С., Салыкова А.С. және Бимендина Н.А. тарапынан «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі бойынша; Тлеубекова С.Т. және Назарова Н.В. тарапынан «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметі бойынша; «КЖБК» ЖШС (2 өтініш), «БИРСК» ЖШС (3 өтініш) тарапынан «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша; Тимощук А., Байтолеуова А., Ғалымжанова А.Ғ. тарапынан «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі бойынша; Шарова Т.Н. тарапынан «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметі бойынша) тіркелді.
«Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдану» көрсеткіші бойынша бағалау нәтижесі 19,78 балл құрады (20 ықтимал балдың ішінен).
Осылайша, «Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттануы» критерийі бойынша жалпы бағалау нәтижесі 35,78 балл құрады (40 ықтимал балдың ішінен).
«Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін сақтау» көрсеткіші бойынша:
Есепті деректерге сәйкес бағаланатын кезеңде 421 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу дерегі анықталған.
Анықтама үшін:
– «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі (Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі – 1 дерек);
– «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі (білім басқармасына қарасты ұйымдар – 78 дерек);
– «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі (білім басқармасына қарасты ұйымдар – 2 дерек);
– «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі (білім басқармасына қарасты ұйымдар – 9 дерек);
– «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі (білім басқармасына қарасты ұйымдар – 19 дерек);
– «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі (Теміртау қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 3 дерек);
– «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызметі (Балқаш қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 9 дерек; Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 3 дерек; Саран қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – 1 дерек);
– «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну)» мемлекеттік қызметі (Балқаш қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі – 2 дерек; Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі – 8 дерек; Шет ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 3 дерек);
– «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметі (Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі – 4 дерек; Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 3 дерек; Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі – 217 дерек; Шет ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 7 дерек);
– «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметі (Саран қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі – 2 дерек; Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі – 2 дерек; Балқаш қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы бөлімі – 1 дерек);
– «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметі (Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы – 1 дерек);
– «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі (Нұра ауданы Баршын ауылы әкімінің аппараты – 1 дерек; Шет ауданы Шет ауылдық округінің әкімі – 1 дерек; Шет ауданы Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдық округінің әкімі – 1 дерек; Шет ауданы Талды ауылдық округінің әкімі – 1 дерек; Шет ауданы Ағадыр кентінің әкімі – 1 дерек; Шет ауданы Кеңшоқы ауылдық округінің әкімі – 1 дерек);
– «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметі (Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі – 8 дерек; Қарқаралы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі – 2 дерек; Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі – 1 дерек; Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі – 10 дерек);
– «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметі (Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы – 4 дерек);
– «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік қызметі (Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі – 3 дерек; Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі – 1 дерек);
– «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі (Қарқаралы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі – 1 дерек);
– «Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру» мемлекеттік қызметі (Шет ауданы әкімінің аппараты – 1 дерек);
– «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі (Шет ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 7 дерек);
– «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі (Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 1 дерек);
– «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік қызметі (Жер қатынастары басқармасы – 1 дерек);
«Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін сақтау» көрсеткіші бойынша бағалау нәтижесі – 10,53 балл (14 ықтимал балдың ішінен).
«Мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту» көрсеткіші бойынша:
Мемлекеттік бақылау іс-шаралары шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетуден 17 негізсіз бас тарту дерегі анықталды.
Көрсеткіш «Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту» бойынша бағалау нәтижесі 17,82 балл құрады (18 ықтимал балдың ішінен).
«Құжаттар топтамасы толық болмай мемлекеттік қызмет көрсету» көрсеткіші бойынша:
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген мемлекеттік бақылау шеңберінде Агенттіктің аумақтық департаменті құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсетілен 10 деректі тіркеген. Бұл жағдай мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге қайшы келеді.
«Құжаттар топтамасы толық болмай мемлекеттік қызмет көрсету» көрсеткіші бойынша бағалау нәтижесі 13,92 балл құрады (14 ықтимал балдың ішінен).
«Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету» көрсеткіші бойынша:
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылау шеңберінде Әкімдік тарапынан заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету деректері анықталмаған.
Агенттіктің аумақтық департаментінің бақылау қорытындысы бойынша да мұндай деректер анықталмаған.
«Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап ету» көрсеткіші бойынша бағалау нәтижесі 14 балл құрады (14 ықтимал балдың ішінен). Осылайша, «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету» критерийі бойынша жалпы бағалау нәтижесі – 56,27 балл құрады (60 ықтимал балдың ішінен).
***
«Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы» блогы шеңберінде «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы» бағыты бойынша Әкімдік қызметінің тиімділігіне операциялық бағалау нәтижесі – 92,05 балл құрады (100 ықтимал балдың ішінен).
2023 жылмен салыстырғанда (қорытынды балл – 92,01) бағалау көрсеткішінің 0,04 баллға артқаны байқалады.
Қорытындылар мен ұсынымдар:
Бірінші. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейі жоғары
Әкімдік көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша қоғамдық мониторинг нәтижелері халықтың қанағаттану деңгейінің (4,79 балл) жоғары екенін көрсетті, бұл барлық жергілікті атқарушы органдар арасында ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Ұсыным:
– мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларына мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметкерлердің біліктілігін тұрақты түрде арттырып отыруды қамтамасыз ету ұсынылады.
Екінші. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарын бұзудың алдын алу және заң талаптарының бұзылуына жол бермеу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігі жеткіліксіз
Әкімдік қызметін талдау заңнама талаптарын бұзудың алдын алу және заң талаптарының бұзылуына жол бермеу бойынша қабылданатын шаралардың тиімсіздігін көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу деректерінің саны артып отыр (391-ден 421-ге дейін).
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсетуден негізсіз бас тарту деректері азайғаны (21-ден 17-ге дейін) және құжаттар топтамасы толық болмай мемлекеттік қызмет көрсету деректері азайғаны (138-ден 10-ға дейін) байқалады.
Ұсынымдар:
– мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында қызмет көрсету процесіне тартылған қызметкерлерге мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың ережелерін, сондай-ақ осы саланы реттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарды түсіндіру жөнінде шаралар қабылдау;
– мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу жөніндегі алдын алу шараларын бақылауды және іске асыруды қамтамасыз ететін жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмысын күшейту жөнінде шаралар қабылдау ұсынылады.
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
Ә. Ахмедьяр
|
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау
|
Е. Ермаханбетов |
|
|
2025 жылғы « » сәуір |