Қарағанды облысы Осакаров ауданы
аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 мамырдағы № 30 қаулысымен Қарағанды облысы Осакаров ауданы Маржанкөл, Мирный, Сарыөзек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылдың 22 маусымға тағайындалғанын хабарлайды.
Маржанкөл, Мирный, Сарыөзек ауылдық округтері әкімі болуға кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 15 мамырынан басталып, 2025 жылдың 27 мамырында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Маржанкөл, Мирный, Сарыөзек ауылдық округтері әкімі болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 1 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 1 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 21 маусымында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Осакаровка ауданы, Осакаровка кенті, Школьная көшесі, 111. Байланыс телефоны: 8(72149)42076.
Қарағанды облысы Осакаров ауданы
аумақтық сайлау комиссиясы