«Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 70/01 «Осакаров ауданының жайылым айналымдарының Схемасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ОСАКАРОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

«Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 70/01 «Осакаров ауданының жайылым айналымдарының Схемасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

ОСАКАРОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

баспасөз релиз

 

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 27 ақпандағы № 65-VIII Заңына сәйкес 9-бапта 1-тармақта 3) тармақшада "схемасы" деген сөз "ұсынылатын схемалар" деген сөздермен ауыстырылды. Осыған байланысты "Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №70/01 "Осакаров ауданының жайылым айналымы схемасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Осакаров ауданы әкімдігінің қаулысының жобасы әзірленді.

Бұл жобаның мақсаты әкімдіктің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №70/01 "Осакаров ауданының жайылым айналымы схемасын бекіту туралы" қаулысын "Жайылымдар туралы" Заңға сәйкес келтіру болып табылады.

Қаулы жобасында 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №70/01 қаулыға бекітілетін жайылым айналымы схемаларының сипатын нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу көзделген, схемалардың ұсынымдық сипатына баса назар аударылды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып қаулының тақырыбы мен 1 тармағы жаңа редакцияда жазылды.

Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуға жатпайды.

2025 жылғы 5 мамырдағы қаулы жобасы Осакаров ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің және Осакаров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Әкімдіктің қаулысын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
06 мая 2025