хабарлама

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ ҚР Экологиялық кодексінің 68-бабының талаптарын орындау үшін, сондай-ақ «Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету Ережесінің 6-тармағының талаптарын, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығын басшылыққа ала отырып, құзыреті шеңберінде қарау және ескертулер мен ұсыныстар беру үшін Сіздің мекен-жайыңызға «Ас-Сер Недра» ЖШС 16.04.2025 жылғы № KZ48RYS01096480 материалдарымен белгіленген қызмет туралы өтініштің көшірмесін жолдайды.
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы №130 бұйрығының 5-қосымшасы «Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес «Мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішке қатысты өз ескертпелері мен ұсыныстарын ұсынуға құқылы. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін мемлекеттік органдардан және жұртшылықтан ескертулер мен ұсыныстар қабылданбайды».

Дата публикации
18 апреля 2025