Қарағанды облысы Осакаров ауданы
аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 23 қаулысымен Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округі әкімін сайлау 2025 жылдың 18 мамырға тағайындалғанын хабарлайды.
Родников ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 10 сәуірінде ақпанынан басталып, 2025 жылдың 22 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Родников ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 27 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 27 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 17 мамырында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Осакаровка ауданы, Осакаровка кенті, Школьная көшесі, 111. Байланыс телефоны: 8(72149)42076.
Қарағанды облысы Осакаров ауданы
аумақтық сайлау комиссиясы