Қарағанды облысы Осакаров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Осакаров ауданының Нияз, Сұңқар, Трудовой ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын тағайындау туралы хабарламасы

Қарағанды облысы Осакаров ауданы

аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 13 қаулысымен Қарағанды облысы Осакаров ауданы Нияз, Сұңқар, Трудовой ауылдық округтері әкімдерін сайлау 2025 жылдың 6 сәуіріне тағайындалғанын хабарлайды.

Нияз, Сұңқар, Трудовой ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 27 ақпанынан басталып, 2025 жылдың  11 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Нияз, Сұңқар, Трудовой ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 16 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 16 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 5 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Осакаровка ауданы, Осакаровка кенті, Школьная көшесі, 111. Байланыс телефоны: 8(72149)42076.

 

 

Қарағанды облысы Осакаров ауданы

аумақтық сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Нияз, Сұңқар, Трудовой ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы қаулы
Дата публикации
26 февраля 2025