Мемлекеттік қызметтерді жетілдіру – уақыт талабы

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету – қазіргі заманның басты міндеттерінің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз

Аудан аумағында 47 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның 40-ы тегін, ал 7 қызмет баламалы негізде ұсынылады. 

2024 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарына барлығы 5909 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде: 

- «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы – 1007 қызмет; 

- «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 4474 қызмет; 

- қағаз түрінде және баламалы негізде – 428 қызмет ұсынылды. 

Халықты электрондық қызметтерді тиімді пайдалануға үйрету мақсатында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жылдам және ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік береді. 

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау да назардан тыс қалмайды. Қызмет көрсету мерзімдері мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жүйелі ішкі бақылау жұмыстары ұйымдастырылған. 

Цифрлық технологияларды енгізу мемлекеттің басты даму бағытына айналды. Осының арқасында мемлекеттік қызметтер саласы қарқынды дамып, ашықтық пен тиімділік деңгейі артып келеді. 

Мұның барлығы азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырып, халыққа қолайлы әрі заманауи қызмет көрсету жүйесін қалыптастыруға ықпал етуде.

Мемлекеттік қызметтерді жетілдіру – уақыт талабы
Дата публикации
07 февраля 2025