Осакаров ауданы әкімдігінің
қаулысының жобасы
«Осакаров ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау.
Аудан әкімі Р. Нурмуханбетов
Осакаров ауданы әкімдігінің
2025 жылғы ____қаңтардағы
№ _____ қаулысымен
Бекітілген
орыс тілінде - государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ Осакаровского района».
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын мемлекеттік қызмет көрсету саласында сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;
2) әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша мониторингті жүзеге асыру;
3) жұмыспен қамту мәселелер бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
4) бюджет қаражаттарын тиімді және мақсатты пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды қамтамасыз ету бойынша шараларды қолданады;
2) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетеді;
3) жергілікті бюджеттен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, атаулы әлеуметтік көмек және басқа әлеуметтік төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсетеді;
5) әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғалардың контингентін анықтайды;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, халықты жұмыспен қамту және азаматтарға ұсынылатын әлеуметтік көмек түрлері мәселелері бойынша ақпараттандырылады;
7) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықпен өзара іс-қимыл жасайды;
8) оның құзырына кіретін хаттар, шағымдар мен азаматтардың жеке мәселелері сұрақтары бойынша белгіленген тәртіпте қарайды;
9) әлеуметтік қызметкерлерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
10) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізеді және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді;
11) қарт адамдарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтерін көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
12) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
13) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз етеді;
14) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етеді;
15) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз етеді;
16) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсынады;
17) мүгедектігі бар балаларға үйде оқыту шығындарын өтейді;
18) қандастар мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
19) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) Бөлімнің құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру;
20) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және оңалту шеңберінде жұмысты ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруды жүзеге асырады;
21) 1, 2 топтағы жалғызбасты мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау бойынша үстемақы ретінде әлеуметтік көмек көрсетеді;
22) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
23) Бөлім жанынан құрылатын комиссиялардың, кеңестердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
24) мүгедектігі бар әрекетке қабілетсіз кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органының функцияларын жүзеге асырады;
25) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жоғары тұрған органмен, аудан әкімі аппаратымен және мәслихатпен өзара іс-қимыл жасайды;
26) Іс жүргізуді енгізу және құжаттамалық қамтамасыз етуді, кадрлық, ұйымдастырушылық, бақылау және құқықтық жұмыстарды қамтамасыз етеді;
27) Бөлімнің ведомстволық, қаржылық, статистикалық есеп, жоспарлау - экономикалық қызметін, кассалық және банктік операциялар бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әлеуметтік көмекке талапкерлерден қажетті құжаттарды сұрау, ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеруді жүзеге асыру;
2) Бөлімнің компетенциясына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да органдардан тегін негізде ақпарат сұрау және алу;
3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар мен отырыстарды өткізу;
4) ішкі қолдану үшін пайдаланатын ұсынылған құжаттардың көшірмесін растау;
5) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
6) қажетті мемлекеттік қызмет көрсету үшін қосымша ақпарат алуға сұрау салу арқылы тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамада көзделген және нормативтік актілеріне сәйкес Комиссиялар құру;
8) Қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
1) Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
2) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органға сәйкес ақпаратты ұсынуға тиісті;
3) Бөлім әкімші болып, тиісті мәслихатпен бюджеттік бағдарламаларды бекіту үшін аудан әкімдігіне енгізеді;
4) жергілікті бюджеттің (нақтылауымен) бекітуімен аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу;
5) Бөлімнің құзырына жататын мәселелерді шешу жөнінде аудан әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
6) Бөлімге жүктелген қажетті жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік органдардан ақпараттық, әдістемелік, нормативтік материалдарды, статистикалық мәліметтерді алу;
7) заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну;
1) Бөлімнің міндеттері мен өкілеттіліктерін, сонымен қатар бөлімшенің функцияларын анықтайды;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлімнің қызметкерлеріне қойылған тәртіп бойынша тәртіптік жаза қолданады;
4) Бөлім бойынша бұйрықтар шығарады;
5) Бөлімнің қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету және көтермелеу туралы шешімдер қабылдайды;
6) Бөлімнің мүдделерін мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелерге ұсынады;
7) Аудан әкімдігі мен әкімінің алдында өзінің жұмысы мен мекемедегі қызметі туралы есеп береді;
8) Өз компетенциясының шегінде бөлімнің қаражаты мен мүлігіне иелік етеді;
9) Өзінің өкілеттілігінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын оның бағыныштылары бұзған үшін дербес жауапкершілік тартады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің басқа да өкілеттіліктерін жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.