Осакаров ауданы әкімдігінің
қаулысының жобасы
«Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау.
Аудан әкімі Р. Нурмуханбетов
Осакаров ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «___» __________
№ ___________ қаулысымен бекітілген
«Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
Егер «Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республиқалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14.Міндеттері:
1) меншіктің түріне қарамастан, энергетикалық кешенді ұйымдастыру және кәсіпорындар қызметін үйлестіру;
2) мемлекеттік тапсырысқа сәйкес инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы, қайта жаңартуы және күрделі жөнделуі, жолаушы
көлігі және автомобиль жолдары бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
3) атқарылатын мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкес жеке санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
15«Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) ауданның елді мекендерінің көшелері, сонымен қатар, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу;
2) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту бойынша басымды бағдарламаларды әзірлеу және жетілдіру;
3)инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысын, қайта жаңартылуын және қызметін ұйымдастыру;
4) ауданның елді мекендеріне байланыс қызметін ұсыну және қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру;
5) құрылыс –құрастыру жұмыстарын жобалау, жүргізу, коммуналдық меншік нысандары мен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеу және ауданның елді мекендерінің жолдарын қадағалау бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
6) ауданішіліктұрақты жүк және жолаушылар тасу қатынастарын ұйымдастыру, маршруттарын бекіту және маршруттың жүру кестесін бекіту және олардың қызмет ету құқығына конкурс өткізу және ұйымдастыру;
7) аудан аралық тұрақты жүк және жолаушылар тасу қатынасы маршруттарының тізімдемесін енгізу;
8) жүк және жолаушыларды таксимен тасу қатынасын ұйымдастыру;
9) шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды орта білім беру мектептеріне тасу тәртібін және жобасын қарау және бекіту;
10) шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды орта білім беру мектептеріне тасуды ұйымдастыру;
11) аудан аралық хабарламада әлеуметтік маңызды жолаушыларды тасу кезінде тасымалдаушыға кеткен шығынына қаржылай көмек көрсетуді іске асыру;
12) таксимен тасымалдаушы ретінде әрекеттін бастауға ескертпе қағазын тапсырып, заңды тұлға және жеке кәсіпкердің тізімдемесін енгізу;
13) бюджеттік несиелеуді, инвестициялық тартуды, қаржыландыру көздерін, қажетті жұмыс көлемін белгілеу негізінде тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық, өмірді қамтамасыз ететін нысандарды қыс жағдайында жұмыс істеуін дайындау бойынша шаралардың орындалуын бақылау және жетілдіру;
14) кәріз, су құбырлары жүйелерін жөндеу және пайдалану;
15) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) заңмен белгіленген тәртіпте ақпаратты жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдар мен мекемелер «Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша қызметкерлерден жазбаша және ауызша түсініктеме, құжаттарды және басқа да материалдарды беру және сұрату;
2) белгіленген тәртіп бойынша «Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанынан мамандардан тұратын кеңестік, қоғамдық кеңестер, эксперттік топтар құруға;
3) аудан әкіміне, әкім және аудандық мәслихатқа өз құзыретіне қатысты сұрақтарды шешу жөнінде ұсыныстар беруге;
4) жобадан ауытқу, кұрылыс нормалары және ережелері мен және техникалық жағдайы бұзылған жағдайда өндірістік жұмыстарды тоқтату;
5) тұтынушыларды мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттандыру;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасымен сәйкес басқа құқықтар мен міндеттерін атқарады.
1) өз құзыреті шегінде «Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілейді;
2) заңнамаға сәйкес «Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен «Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4)өзінің құзыретіндегі мәселелер «Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) «Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық және ағымдық жұмыс жоспарларын бекітеді;
6) мемлекеттік органдарда және ұйымдарда «Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан әрекет етеді.
«Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Осакаров ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.