Осакаров ауданы әкімдігінің «Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Осакаров ауданы әкімдігінің

«Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»

қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

 

Осакаров ауданы әкімідігінің «Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулы жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 7-бабы 3-тармағы 1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» сәйкес әзірленді.

Бұл жобаның мақсаты «Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін қайта ұйымдастыруға байланысты реттеу болып табылады.

Ереже мекеме жұмысының негізгі бағыттарын анықтайды.

Осы Ережені бекіту тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында басқарудың тиімділігін арттырады, бөлім қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартады деп күтілуде.

Осы қаулыны қабылдау қаржылық шығындарды көздемейді.

Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасы 10 жұмыс күні ішінде жария талқылауда болады. Аудан тұрғындары, сондай-ақ мүдделі тараптар құжаттың жобасымен танысып, өз ұсыныстары мен ескертулерін жібере алады.

Әкімдік қаулысының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15429492

 

Осакаров ауданы әкімдігінің «Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Дата публикации
05 февраля 2025