«Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Осакаров ауданы әкімдігінің

қаулысының жобасы

«Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берілген «Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
  2. «Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) осы Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он  күнтізбелік  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                                     Р. Нурмуханбетов

                                                                            Осакаров  ауданы

                                                                            әкімдігінің 2025 жылғы

                                                                            «__» ____________

                                                                            № ___ қаулысымен

                                                                            БЕКІТІЛГЕН

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

  1. «Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекемесі) тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасынының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасынының Конституциясына және зандарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да  нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Мемлекеттік мекеме заңды тұлға болып табылады, мелекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда есеп шоттары бар.
  4. Мемлекеттік мекеме өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  5. Мемлекеттік мекеме заңнамаға сәйкес уәкілеттік  берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық – құқықтық қарым қатынас жасауға құқылы.
  6. Мемлекеттік мекеме өз құзыреты шегінде зандылықтарда белгіленген тәртіппен «Осакаров ауданының  тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекшісінің бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
  7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды мекен-жайы: 101000, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Шетке Булақ көшесі, 1ғимарат.
  9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – Государственое учреждение «Отдел жилищной инспекции Осакаровского района».

  1. Осы Ереже мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық  және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырады.
  3. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілермен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыиым салынады.
  4. Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс келтіретін  қызметпен айналысуға рұқсат берілген жағдайда, осындай қызметтен түскен кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. Миссиясы:

         Мемлекеттік мекеме тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету функцияларын орындауға өкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

  1. Міндеттері:
  • Тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылау;
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау;
  • Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
  • Кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі  жөндеудің  жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
  • Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
  • Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;
  • Кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелерi өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғын тексеруді жүргізу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыру;
  • Тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-

шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

  • Авариялық және ескі үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес
  • азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді.
  • Мемлекеттік қызметті сапалы және уақтылы көрсетуді қамтамасыз етеді.
  1. Функциялары:
  • Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау;
  • Кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп –ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
  • Көпқабатты тұрғын үйлердегі (тұрған ғимараттағы) үй жайларды қайта жайластыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу нормалары мен ережелерін сақтауға;
  • Елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау;
  • Көпқабатты тұрғын үйлерде (тұрған ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына;
  • Кондоминиум объектісіндегі үй – жай меншік  иелерінің ортақ мүліктің  және оның инженерлік  жабдықтарының  техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік – техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес  оны күтіп –ұстау мен  жөндеу бойынша  жұмыстардың уақытында орындалуына;
  • Қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;
  • Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері  бойынша орындалған жұмыстын  сапасына мемлекеттік  бақылау функцияларын жүзеге асырады;
  • Ауданның тұрғын үй қорын ұстау, сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын, қызметтік хат-хабарларды қарау;
  • Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық әкімдікке, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға есеп беру;
  • Ауданның бірыңғай сәулеттік келбетін беру үшін қасбеттерге, шатырларға ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындау.
  • Тұрғын үй инспекциясы елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында:

1) тексеру кестелері және олардың нәтижелері туралы;

2) елді мекен шегінде құрылған қарапайым серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу.

Мемлекеттік мекеме тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі  аумақты күтіп-ұстау  және коммуналдық қызмет көрсету сапасын            бақылау жөніндегі нормативтік  және әдістемелік  құжаттарды әзірлеуге  қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің  иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын  азаматтарға консультациялық  көмек көрсетеді.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

  • Мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де  ұйымдардан  және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген  тәртіппен сұрауға, мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелерді пысықтауға  мемлекеттік органдардың  және өзге де ұйымдардың қызметкелерін  тартуға, тиісті  ұсыныстар әзірлеу  үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;  
  • Жергілікті атқарушы органдардың үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды  жетілдіру бойынша  аудан әкіміне ұсыныстар енгізуге:
  • Тексеріуді жүргізу уақытында  қызметтік куәлікті көрсетіп тексерілетін объектіге баруға:
  • Тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұрауға, тексеруге жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға:
  • Уәкілетті орган бекіткен біліктілік  талаптарына  сәйкес үй – жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің  жалпы жиналысына кооператив басқармасының  төрағасы қызметіне  кандидатура ұсынуға: 

         6)Мемлекеттік мекеменің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тапсырмалар  беруге, олардын орындалуын бақылауға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өткізетін  іс- шараларына қатысуға:

     7) Бюджеттік бағдарламаларды  қаржыландыруды жүзеге асыруға:

Міндеттері:

  • Тексеруді «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қантардағы Заңына сәйкес жүргізуге:
  • Тексеру жүргізу кезеңінде  тексерілетін  объектінің  белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
  • Тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліміттердің сақталуын  қамтамасыз етуге;
  • Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзылуы туралы актілер  жасауға;
  • Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін  бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті  нұсқама шығаруға;
  • ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға.
  • Тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;
  • Тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерінің бұзылуын жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама хаттар шығаруға;

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

  1. Мемлекетік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген  міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын жетекші жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік мекеменің жетекшісін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
  • Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің  міндеттері мен  өкілеттіліктерін анықтайды;
  • Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан  босатады;
  • Белгіленген заңнамалық тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
  • Өз құзырының  шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжатқа қол қояды;                                                                                                                   5) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан өкілдік етеді;

         6) Қазақстан Республикасынының  заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті  жүзеге асырады;

         Мемлекеттік мекеменің  басшысы болмаған  кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 

  1. Мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасынының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметен босатылатын жетекші басқарады.

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

  1. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Мемлекеттік мекеменің  мүлкі оған меншік иесі берген мүлік,                     сондай -  ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік  (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен  қалыптастырылады.

  1. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меңшікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  1. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі

  1. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  1. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

  1. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.
  2. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тіркеледі.

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдасыру және тарату

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата публикации
05 февраля 2025