30.12.2024ж. 163
Осакаров ауданының экономика
және қаржы бөлімі» ММ
2025 жылға арналған бюджеттік
бағдарламаларды бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 32 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148-II Заңына сәйкес және Осакаров аудандық Мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы 29 сессиясының «2025-2027 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» № 29/271 шешімі негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
Экономикалық саясатты дамыту және қалыптастыру, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті орындау және ауданның коммуналдық меншігін басқару саласында (облыстық маңызы бар қалалар) мемлекеттік саясатты іске асыру қызметтері;
Салық салу мақсатында бағалауды өткізу;
Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу;
Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, приватизациядан кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу
Ауданның жергілікті атқарушы органның резерві;
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары;
Іске асыру үшін бюджеттік кредиттер мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын;
Жергілікті атқарушы органның облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету;
Заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төмен тұрған бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер;
Субвенциялар;
Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
Төмен тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер.
Бөлім басшысы Ж.Ахтаева