Ай сайын негізгі көрсеткіштердің өсу қарқыны байқалады.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 2184 бірлікті, қолданыстағылар саны - 2064 бірлікті құрады. Шығарылатын өнім көлемі 20 млрд. 852 млн теңгені құрады.
2024 жылы жеке инвестиция арқылы 14 бизнес нысаны ашылып, 27 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жастар кәсіпкерлігін қолдау бойынша 10 адам 14,8 млн. теңгеге грант алды.
Жас кәсіпкерлерді қолдауға жергілікті бюджеттен аудан әкімінің грантына 12 млн. теңге бөлінді.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде 2024 жылы 169,3 млн. теңге сомасына 10 жобаға кредит беру мақұлданды,
пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағыты бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы 110 млн. теңгеге 6 жоба мақұлданды, кепілдік беру бағыты бойынша 4 жобаға 59,3 млн. теңге сомасында қолдау тапты.
Жергілікті деңгейде маңызды мәселелерді шешу үшін аудан әкімінің төрағалығымен тоқсан сайын жүйелі және жеке мәселелерді шешу бойынша бизнес өкілдерімен кездесулер өткізізіліп тұрады.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің сайтында және беттерінде тұрақты түрде кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы материалдар, бейнероликтер орналастырылып, аудандық газетте мақалалар жарияланады, сондай-ақ ақпарат топтық чаттарға жіберіледі.