Қарағанды облысы Осакаров ауданы
аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Қарағанды облысы Осакаров ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 2 қаулысымен Қарағанды облысы Осакаров ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімін сайлау 2025 жылдың 23 ақпанына тағайындалғанын хабарлайды.
Ақбұлақ ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 16 қаңтарынан басталып, 2025 жылдың 28 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Ақбұлақ ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 2 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 2 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 22 ақпанында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Осакаровка ауданы, Осакаровка кенті, Школьная көшесі, 111. Байланыс телефоны: 8(72149)42076.
Қарағанды облысы Осакаров ауданы
аумақтық сайлау комиссиясы