Біз мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жұмыс істейміз, есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға қатысамыз.
Ашық және тең қолжетімділік мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мемлекеттің алдына қойған -негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ауданның мемлекеттік органдары мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес 47 қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде тегін негізде 40 түрі, ақылы негізде – 0 және баламалы түрде - 7 түрі көрсетіледі.
2024 жылы аудан бойынша 5909 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 1007 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 4474 қызмет көрсетушілер қағаз түрінде және балама түрінде – 428 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетулерге, соның ішінде электронды форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетулерді «электронды үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмысы жалғасатын болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау бойынша тұрақты жүйелі жұмыс ұйымдастырылды, оларды көрсету сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жетілдірілуде.